21.05.2025, 18:20

«Құны 50 миллион»: Шымкентте «жәннатқа билет» сатқан Ғалымжан Құрманбектің басы дауға қалды (ВИДЕО)

Фото: желіден алынды

Желі қолданушылары бұл әрекетті дінмен ойнау, арсыз табыс көзі ретінде бағалады.

Шымкент қаласында өткен бір шарада танымал әзілкеш Ғалымжан Құрманбек адамдарға «жәннатқа билет» сатты. Әлеуметтік желіде таралған видеода билет бағасы 1 миллионнан басталып, 50 миллион теңгеге дейін жеткені көрінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада Ғалымжан Құрманбек билеттерді ұсынып, оларды нақты ақшаға саудалағаны анық байқалады. Оқиға көпшіліктің наразылығын туғызды — желі қолданушылары бұл әрекетті дінмен ойнау, арсыз табыс көзі ретінде бағалады.

Желіде пікір қалдырғандар арасында «Жәннатқа өзі ертіп апар ма?«, «Ұят-намыс деген жоқ» деген пікірлер жиі кездеседі. Ал кейбірі бұл – өз еркімен жасалған садақа болуы мүмкін дегенді алға тартады.