21.05.2025, 19:00

Алматыдағы Арбатта жастар жаппай төбелес шығарған (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Жас жігіттердің арасындағы жанжал бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

 Түнгі төбелеске байланысты тәртіп сақшылары тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жас жігіттердің арасындағы жанжал бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кезінде «102» пультіне қоңыраулар келіп түспеген. Алайда жарияланған бейнематериалдар бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Төбелеске қатысушылар анықталған.

- Қазіргі уақытта олардың әрқайсысына құқықтық баға берілетін болады.

Алмалы аудандық полиция басқармасы бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, әсіресе, агрессивті және зорлық-зомбылықпен ұштасатын әрекеттердің заң аясында қатаң түрде жолы кесіледі, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.