21.05.2025, 18:00

«Сөйлесіп қойғанмын, уайымдама»: Шерзат ісіндегі сот үзілісінде қатысушылардың өзара сөзі жазылып қалған (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Оған жауап ретінде алаңдамауын, бәрі барлық тараппен алдын ала келісілгені айтылған.

Әлеуметтік желілерде 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот ісінен қызықты үзінді жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

@egovpress парақшасында жарияланған видеода процесс аяқталғаннан кейін бір адамның жылап жібере жаздағаны және куәлікті дұрыс бердім бе деп сұрағаны естіледі.

"Дұрыс сөйледім бе?! Саған көп сұрақ қоймайды, сөйлесіп қойғанмын. Уайымдама!", - деген сөздерді естуге болады.

Оған жауап ретінде алаңдамауын, бәрі барлық тараппен алдын ала келісілгені айтылған.

Алайда, бұл сөздерді қай айыпталушының айтқаны белгісіз.