$ 510.84  579.7  6.39

«Олар әлі бостандықта жүр»: Алматыда терезеден құлап қаза тапқан Ақнәрдің анасы Президентке үндеу жасады (ВИДЕО)

Гүлстан Қамитова Алматыдағы тергеуге сенімсіздік танытты.

Фото: Жақындарының архиві
Фото: Жақындарының архиві

Алматыда жұмбақ жағдайда көз жұмған Ақнәр Қамитованың анасы Гүлстан президентке үндеу жолдап, істі Астанаға жіберуді талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізден өтінемін, қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" және 126-бабы "Заңсыз бас бостандығынан айыру" баптары бойынша қайта саралау туралы ұйғарым беруіңізді сұраймын. Алматы қаласының тергеу органдарына сенімсіздік білдіруімізге байланысты істі арнайы тергеу тобының бақылауына алуды, қызымдның өліміне күдіктілерді қамауға алуды, әділ тергеуді қамтамасыз етіңіз", – дейді марқұм қыздың анасы Гүлстан Қамитова.

Іс  қазір "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша тергеліп жатыр. Алайда адвокат Инга Иманбай істі аса ауыр баптар бойынша қайта саралау керек деп есептейді.

Анасының айтуынша, қызының жетінші қабаттан өз еркімен құламағаны видеода анық көрінеді. Оның денесінен азаптау іздері табылған. Оның телефонындағы бейнежазбаларда оны ұрып-соғып, қорлаған сәттері көрсетілген. Бейнебақылау камералары оның терезеден лақтырылған сәтін түсіріп алған.

"Қайғылы оқиғадан кейін қызымның барлық заты – ақшасы, дүние-мүлкі, тіпті киім-кешектері де жоқ болып шықты. Сол түні қасында болған екі қыздың қылмысқа тікелей қатысы болуы мүмкін. Алайда олар әлі бостандықта жүр", – дейді марқұмның анасы.

Ақнәр – КИМЭП университетінің түлегі және бес тілді еркін меңгерген. 2024 жылдың 20 шілдесінде Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап, ауыр жарақаттан мерт болды. Медициналық сараптама ұрып-соғу, тістеу, тырнау, тырнақ сыну және шаш жұлынғаны іздері бар екенін растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары