$ 510.84  579.7  6.39

Шерзат ісі: Күдіктілер күлген видео үшін үш адам жауапқа тартылды

Әлеуметтік желіде Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталған күдіктілердің сот залынан күліп шыққан сәті түсіп қалған бейнежазбаның таралуынан кейін қызметтік тексеріс басталған еді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Бүгін бұл іске жетекшілік етіп отырған судья Ержан Жанұзақов тексеріс қорытындысын жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«29 сәуірде өткен сот отырысының тікелей эфирінен кейін желіде тараған видеоға байланысты қызметтік тексеру жүргізілген болатын. Нәтижесінде, трансляцияға жауапты техникалық мамандар эфирді дер кезінде тоқтатпағаны анықталды. Соның салдарынан күдіктілердің сот залынан шығып бара жатқан сәті эфирге шығып кеткен. Осыған байланысты техникалық қызметкерлер – Рүстем Мұқсынов, Нәзира Оразәлиева және Сәуле Қайдағұлова – тәртіптік жауапқа тартылды», – деді судья.

Бұдан бөлек, Ержан Жанұзақов кеше әлеуметтік желіде тарап кеткен сот процесіне қатысты дауыстық жазбаға байланысты жеке қаулы шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.

Судья Алматы облысының прокурорына бұл жазбаға мұқият мән беруді тапсырды.

«Кеше әлеуметтік желілерде сот ісіне қатысы бар бір топ бейтаныс адамның екіұшты диалогы жазылған бейнежазба тарады. Осыған байланысты сот жеке қаулы қабылдау қажет деп есептейді. Прокурор аталған жазбаның шынайылығын, жазбада сөйлеген адамдардың кім екенін және олардың айтқандарының мазмұнын анықтап, заң шеңберінде тиісті шара қолдануы тиіс», – деді судья кеңесу бөлмесінен кейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары