$ 510.84  579.7  6.39

«Бәріне тек медбике кінәлі»: Астаналық дәрігер жұмысындағы қиындықты айтып жылап қалды (ВИДЕО)

Мейірбикенің айтуынша, ол 24 тәулікке созылған ауысымнан кейін ғана үйіне келген. Алайда демалып үлгермей жатып, қызметтік қоңырау шалынған.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде Астана қаласының мейірбикесі медицина саласындағы еңбек жағдайына қатысты шағымын жариялап, қоғамда резонанс тудырды. Денсаулық сақтау жүйесіндегі еңбек ауырлығы, жауапкершілік жүгінің әділ бөлінбеуі және төмен жалақы мәселелері көтерілді,деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мейірбикенің айтуынша, ол 24 тәулікке созылған ауысымнан кейін ғана үйіне келген. Алайда демалып үлгермей жатып, қызметтік қоңырау шалынған.

«Емделушінің қан қысымы көтеріліп кетті, тез кел» деп хабарласты. «Кеше дәрісін бердің бе?» дейді. Мен ол емделушіге барлық дәрілерін бердім. Бірақ осындай жағдайда кінәлі – әрқашан мейірбике, дәрігер емес», – дейді маман.

Мейірбике өз сөзінде емделушінің жағдайына қатысты кез келген қиындықты бірінші кезекте мейірбике көтеретінін, ал дәрігердің жауапкершілігі сирек қаралатынын атап өтті. Бұл жағдай жұмыс барысында моральдық және психологиялық қысым тудыратынын жасырмады.

Шағымда сондай-ақ еңбекке сай келмейтін жалақы мәселесі де көтерілген. Мейірбике 200 мың теңге көлеміндегі айлықты «еңбегімізге лайық емес» деп бағалап, жұмыстан шығу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары