25.05.2025, 00:30

«Балалы үйдің ұрлығы жатпайды»: Тойда сөз сөйлеген қыз бала әкесін ұятқа қалдырды (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынды

Желі қолданушылары балақай үйдегі сырды жұртқа айтып қойды деп қалжыңдап жатыр.

Желіде той үстінде түсірілген қыз баланың видеосы қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тойда ән айтқан кішкентай қызға қонақтар сыйлық жасап, бір уыс ақша жинап берген. Асаба жас өнерпаздан бұл ақшаны қайда жұмсайтынын сұраған кезде, ойланбастан «Әкеме беремін» деп жауап береді.

Бұл жауапқа риза болса керек, асаба жігіт «Қыз деген әкеге жақын болады, көрдіңіздер ме, әкесін ойлап тұр» деп баланың шешімін қолдай кетеді. Одан әрі «Әкең ол ақшаны не істейді?» деп сұрағанда «Анама береді» деп балақай жұртты ду күлдіреді.

Желі қолданушылары балақай үйдегі сырды жұртқа айтып қойды деп қалжыңдап жатыр.

«Балалы үйдің ұрлығы жатпайды. Рас, балапан дұрыс айтады. Екеуін де ренжітпеді. Әдемі көрініс», - деп жазды олар.

Тегтер: асаба тойда