$ 512.66  580.59  6.45

Астанада жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, тұрғын жарақат алды

Шұңқырға құлаған қыз алған жарақатынан жылап қалған.

Фото: astanovka98
Фото: astanovka98

Астананың Есіл ауданында жаяу жүргіншілер жолағы опырылып, қыз бала зардап шекті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Astanovka 98 парақшасындағы видеоға сүйенсек, шұңқырдың тереңдігі бір метрге жуық.

"Астанада бір қыз шұңқұрға түсіп кетті. Ол "Қобыз сарайы" маңындағы жаяу жүргіншілер жолағымен кетіп бара жатқанда тас төсеуіш опырылып кеткен. Куәгерлер шұңқырдың тереңдігі бір метрге жуық екенін, шұңқыр түбінен су көрінгенін айтады", – делінген жазбада.

Шұңқырға құлаған қыз алған жарақатынан жылап қалған.

Желі қолданушылары жазба астына түрлі пікір білдіріпті.

"Сол жағалау батпақ үстінде тұр", "Өйткені бәрі қалай болса, солай жасалады", "Жер асты сулары, Талдыкөл кек алып жатыр, ол барлық жерден шығып жатыр", "Көлдің бетін топырақпен жапқанмен, ол бәрібір тесіп шығатын жер табады", – деп жазған желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары