Елисей сарайы Макрон мен оның әйелі жай ғана «әзілдесті» деп мәлімдеді, бұл олардың ресми іс-шара алдында «тыныштану тәсілі» болды.
Әлеуметтік желілерде Франция президенті Эммануэль Макронның жұбайы Брижит Макронның күйеуіне қол көтергені жайлы видео қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Кадрлардан Брижит ханымның күйеуін шапалақпен ұрып жібергені жібергені байқалады. Бұл сәт халық назарынан тыс қалмады — желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі бұл әрекетті әзіл ретінде қабылдаса, енді бірі мұны «отбасылық түсініспеушіліктің көрінісі» деп бағалаған.
Елисей сарайы Макрон мен оның әйелі жай ғана «әзілдесті» деп мәлімдеді, бұл олардың ресми іс-шара алдында «тыныштану тәсілі» болды.
Liberation хабарлауынша, Елисей сарайы бұл «конспирация теоретиктерінің назарын аударуға тұрарлық оқиға емес» деп санайды.
Брижит Макрон бұған дейін де қоғамдық ортада белсенділігімен, ашық мінезімен көзге түскен. Бірақ бұл жолғы әрекеті ерекше назар аудартып отыр.
Пікір қалдырушылардың бірі:«Бәлкім, жай ғана эмоция шығар. Барлығымыз да кейде ашуланамыз ғой», — десе,
тағы бірі: «Мемлекет басшысының отбасылық қарым-қатынасы да көпшілік үшін маңызды», — деп жазған.