$ 509.26  574.75  6.46

Бүгін мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтың туған күні (ВИДЕО)

Ол бүгін 88 жасқа толды.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

88 жыл бұрын (1937) филология ғылымының докторы, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбекұлы ЖОЛДАСБЕКОВ дүниеге келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысы Талас ауданы Ақтөбе ауылында туған.

1954-1955 жылдары Ақкөл аудандық кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарған.

1960 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1960-1964 жылдары осы университеттегі қазақ әдебиеті кафедрасында ассистент, 1964-1967 жылдары аспирант, 1970-1974 жылдары аға оқытушы, доцент, 1974-1977 жылдары филология факультетінің деканы болды.

1977-1987 жылдары Талдықорған педагогика институтының ректоры, 1987-1988 жылдары Қазақстанның оқу министрі, білім министрінің бірінші орынбасары, 1988-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде бөлім меңгерушісінің бірінші орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1990 жылдары Қазақстанның Мемлекет кеңесшісі, 1991-1993 жылдары ҚР Премьер-министрінің орынбасары, 1993-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 1997-2000 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі жанындағы Дипломатиялық академияның ректоры қызметін атқарды.

2000-2004 жылдары Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, 2006 жылдан ҚР Президенттік мәдениет орталығының директоры болды. Жолдасбеков қазақ әдебиетінің алғашқы қайнар бастауларын, Жамбыл Жабаев шығармашылығын зерттеуге мол үлес қосты. Түрік қағанаты кезіндегі Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін қазақ ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып жаңаша зерделеп, қазақ тіліндегі аудармасын ғылыми айналымға енгізді.

Жамбылдың ақындық мектебін зерттеп, оның тұстастары мен шәкірттерінің туындыларын жан-жақты талдады.

«Халықтар достығы», «Құрмет», «Парасат», «Барыс» ордендерімен марапатталған.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары