$ 512.66  580.59  6.45

«Бұл жабайылық»: Шымкентте ер адам хайуанаттар бағындағы жануарларды теуіп үркіткен (ВИДЕО)

Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында ер адамның орынсыз әрекеті бейнеленген видео жариялады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Шымкентте хайуанаттар бағына келушілер қоршаудың шарбағынан асып түсіп, түйеқұстың тұмсығынан теуіп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Хайуанаттар бағының әкімшілігі Instagram желісіндегі парақшасында ер адамның орынсыз әрекеті бейнеленген видео жариялады. Оны 25 мамыр кешкі сағат 18:00 шамасында куәгерлер түсіріп алған.

Хайуанаттар бағында қауіпсіздік ережелері және "қоршаудан өтуге тыйым салынады" деген нақты ескерту бар. Сол үшін мұндай әрекетке тыйым салынған.

“Бұл — жабайылық.Жануарлар — ойыншық емес. Олар тірі, сезеді, қорқады, күйзеліске түседі, ауырсынады. Егер жануарларға жанашырлығың жоқ болса — оларға жолама. Мазалама. Зиян келтірме”, – делінген хабарламада.

Зообақ әкімшілігі бұл адамды танығандардан ер адамды табуға көмектесуді сұрады. Олар құқық қорғау органдарына жүгінбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары