$ 512.66  580.59  6.45

Енді ChatGPT де Қазақстанда салық төлейді

ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот.

Фото: IT.pm.com
Фото: IT.pm.com

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

2022 жылдан бастап Қазақстанда цифрлық қызметтерге салық – «Google салығы» сәтті енгізілді. Бұл шара ел нарығында жұмыс істейтін трансұлттық ІТ-компанияларға әділ салық салу жолындағы маңызды қадам болды.

Жаһандық цифрлық платформалармен өзара іс-қимылды жетілдіру аясында 2025 жылғы мамырдан бастап OpenAI, L.L.C. компаниясы шартты түрде тіркелді. Бұл — жасанды интеллект саласындағы жетекші америкалық ұйым, кеңінен танымал ChatGPT интеллектуалдық жүйесінің әзірлеушісі, - деп мәлімдеді МКК.

ChatGPT — бұл жасанды интеллектіге негізделген чат-бот. GPT (Generative Pre-trained Transformer) тілдік моделі негізінде жұмыс істейді және келесідей мүмкіндіктерге ие:

• сұрақтар мен өтініштерді түсіну;

• мағыналы әрі қисынды жауаптар құрастыру;

• аударма, хат жазу, кодтау, оқу және басқа да салаларда көмек көрсету.

ChatGPT-ті виртуалды көмекші, кеңесші, сұхбаттасушы немесе шығармашылық пен жұмысқа арналған құрал ретінде пайдалануға болады.

Енді Қазақстан аумағындағы жеке тұлғаларға қызмет көрсеткені үшін ChatGPT Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес қосылған құн салығын төлейді, - делінген хабарламада.

Комитет цифрлық секторда ашықтықты қамтамасыз ету, заңнаманы сақтау және тиімді салық салу бағытында жұмысын жалғастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары