$ 512.66  580.59  6.45

«Баласымен осы пәтер үшін соттасқан»: Жұмысшыларына үй таратқан Тұрсын Алагөзов сынға қалды

Әрсен Алагөзов әкесі мен онымен бірге тұрып жатқандарды үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі Тұрсын Алагөзов қол астындағы жұмысшыларына 100 пәтердің кілтін табыстаған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Баян Мақсатқызының күйеуі, көпшілікке танымал «Макси» шай өнімінің иесі Тұрсын Алагөзовке бұл идея 2024 жылы келген екен. Оның негізгі мәні  20 жыл бойы кәсіпкермен бірге еңбек еткен әрі ұжымда ауыр жұмыс істейтін азаматтарға баспана беру болған.

Желі қолданушылары көпшілігі кәсіпкердің бұл әрекетін зор ілтипатпен қабылдады. Алайда теріс пікірлер жазғандар да табылды.

«Құтты болсын», «Осындай кәсіпкер болуды жазсын», «Біздің елден мынадай азамат шыққаны мақтанарлық», «Бұрын туған ұлымен осы пәтер үшін соттасып еді», - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Тұрсын Алагөзовтің атына баласы Әрсен Алагөзовтен арыз түсті. Әрсен Алагөзов әкесі мен онымен бірге тұрып жатқандарды үйінен қуып шығуды қалайтынын жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 8
Күлкілі 3
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары