$ 509.26  574.75  6.46

85 мың теңге айлықпен қалай көлік алуға болады?

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда ең төменгі бағамен сатылатын отандық жеңіл автокөліктің құны шамамен 6 миллион теңге. Ал мұндай көлікті 85 мың теңге көлемінде айлық табыс табатын азамат қанша уақытта ала алады? Бұл сұрақ Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаевтың айтуынша, елімізде автокөлік шығаратын 8 өндірістік кешен бар. Оның екеуі жеңіл көлік құрастыруға бағытталған. 2023 жылы отандық зауыттар 134 мың автокөлік өндірген.

«Ең арзан көлік шамамен 6 миллион теңге тұрады, егер қателеспесем», – деді Панбаев журналистерге берген жауабында.

БАҚ өкілдері көлік алуға қажет уақытты нақты сұрағанда, Панбаев бұл сұрақ ведомство құзыретіне кірмейтінін, дегенмен «математикалық есепке салсақ, 6 миллионды 85 мыңға бөлу керек» екенін айтты. Осылайша, 85 мың теңге айлықпен көлік алу үшін 70 ай немесе 5 жылдан аса уақыт үздіксіз ақша жинау керек (басқа шығындарды ескермегенде).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#көлік #жалақы