Құжат 2025 жылғы 10 маусымға дейін көпшілік талқылауына «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
Қазақстанда алты жаңа кәсіби мереке бекітілуі мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі дайындаған жаңа бұйрық жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Бұйрық жобасы «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» 2023 жылғы 29 маусымдағы №258 бұйрыққа өзгеріс енгізуді көздейді. Соған сәйкес, келесі күндер ресми кәсіби мереке ретінде бекітілуі мүмкін:
• 31 қаңтар – Қазақстан кәсіпкерлері күні;
• 7 шілде – Қолөнершілер күні;
• 9 шілде – Табиғи монополиялар саласы қызметкерлерінің күні;
• 15 қыркүйек – Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының күні;
• 12 қазан – Кадр қызметі қызметкерлерінің күні;
• 20 қазан – Қоғамдық тамақтану саласы қызметкерлерінің күні.
Сонымен қатар, бұрын желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтетін Энергетик күні енді нақты күнге — 22 желтоқсанға ауыстырылмақ.
Министрлік бұл бастаманы әр саладағы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсыныстары негізінде әзірлегенін хабарлады.
Қоғамдық талқылауға ұсынылған бұйрық жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады