$ 512.1  583.64  6.5

Шерзат ісі: Сотта адвокат судьяны ауыстыруды сұрады

Сот отырысының жалғасу мерзімі кейінірек хабарланады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Полаттың қазасына қатысты қылмыстық іс бойынша басты айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты сот процесіне төрағалық етіп отырған судья Ержан Жанұзақовтың істен шеттетілуін сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Жоғарғы соттың ресми ақпаратына сәйкес, 28 мамырда өткен сот отырысында қорғаушы Әбенов судьяға сенімсіздік білдіріп, оған қатысты шағым түсірген.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 87-бабы 11-бөлігіне сәйкес, егер істі жеке-дара қараушы судьяға шағым келіп түссе, оны сол соттың төрағасы немесе басқа судья қарауы тиіс. Осы тәртіпке сай, қорғаушының шағымын қарау судья Беймбетовке жүктелді.

Сот отырысының жалғасу мерзімі кейінірек хабарланады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары