$ 510.19  582.79  6.46

Нұрлан Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша күдікті деп танылмады – ҚМА

"Бұл істе Нұржан Нұрлановтың мәртебесі қандай?" деп сұрады.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Рейдерлік дерегі бойынша қылмыстық іс өндірісте тұр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда ешкім күдікті деп танылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын анықтау керек. Басқа ақпарат айта алмаймын", - деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

"Бұл істе Нұржан Нұрлановтың мәртебесі қандай?" деп сұрады.

"Біз оны күдікті деп таныған жоқпыз. Одан куәгер ретінде жауап алынуы тиіс. Жауап алынған соң және басқа да деректер анықталғаннан кейін тиісті құқықтық баға беріледі. (...) Менің білуімше, ол елден тыс жерде", - деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары