30.05.2025, 14:00

Елордалықтар күтіп жүрген LRT биыл да қосылмайтын болды

Фото: Forbes.kz

Келесі жылдың соңында.

Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты. Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында", – деді Скляр.

Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін "CTS" ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.