Баланың анасы кісі өлтіру күдігіне ілінді.
Қырғызстанда шошытатын оқиға орын алды. Жаңа туған нәрестені дәретханаға лақтырып, кейін шығарып алып, пышақтаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Баланың анасы кісі өлтіру күдігіне ілінді.
Бұл қайғылы жағдай Баткен облысында болған. Құқық қорғау органдары қылмысқа баланың анасын күдікті ретінде қарастырып отыр.
«Бірнеше күн бұрын Раззақов қаласында 18 жастағы қыз босанып, сәбиін дәретхананың шұңқырына тастаған. Кейін оны шығарып алып, өткір затпен жарақаттаған», – делінген хабарламада.
Күдікті құқық қорғау органдары тарапынан ұсталғаны белгілі, алайда қазіргі уақытта ол ауруханада ем қабылдап жатыр.
Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-психиатриялық сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жалғасуда.