$ 448.15  483.46  4.86

Демалыс күндері бірқатар өңірде найзағай мен жаңбыр күтілуде

Алдағы демалыс күндері Алматыда ауа температурасы +25, +27 градусты көрсетеді. Синоптиктердің болжамынша, сенбі күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Жексенбі күні де найзағай ойнап, жауын-шашынды болады, деп хабарлайды Baq.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Түнде сынап бағаны +15, +19 градусты көрсетеді. 

Шығыс Қазақстан өңірлерінде күн құбылмалы болады. Сенбі, 16 тамыз, сынап бағаны +26 градусты көрсетеді. Жаңбыр жауады. Жексенбі жаңбырлы болады, ауа температурасы +23 градусқа дейін төмендейді. Түнде +13 градус нөлден жоғары.

Метеорологтардың хабарлауынша, Қазақстанның солтүстігінде күн бұлттанып, жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз +15 градус жылы. Түнде ауа температурасы +11 градусты көрсетеді. Жексенбі күні жауын-шашынды. Күндіз ауа температурасы +20 градусқа дейін жылынады. Түнде сынап бағаны +11 градусыты көрсетеді. Демалыс күндері бұршақ жаууы мүмкін.

Республикамыздың батыс аймақтарында күн жылы болады деп күтілуде. Сынап бағаны күндіз +36 градус ыстықты көрсетеді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +22, +25 градус.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары