Қостанайда орын алған тағы бір қауіпті жағдай – Боинг 737 ұшағының апатты жағдайда қонуы болды, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Минскіден Қостанайға ұшып келе жатқан № БРУ 779 әуе кемесі кесте бойынша 02.30-да қонуы тиіс болатын. Алайда, бағыт көрсеткіштерінің істен шығуына байланысты кешігіңкіреп қонуға мәжбүр болды. Ұшақта барлығы 61 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Абырой болғанда, барлығы да аман-есен.