Ол сондай-ақ Дидардың кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар екенін алға тартты.
Бүгін Талдықорғанда өтіп жатқан марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты кезекті сот отырысында айыпталушы Дидар Қалиахметтің адовкаты Гаухар Баймұханова жәбірленуші Қаржаубай Нұрымовтың үстінен іс қозғауды талап етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
- Дүкеннен пышақты бірінші болып алып шыққанын ескере келе, Шерзат Полатты, Нұрқанат Ғайыпбаевты, Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша көрсетілген қылмыстық құрамның болуына байланысты қылмыстық іс қозғау туралы жекеше қаулы шығаруды сұраймын. Аталған қаулыны Алматы облысы прокуратурасына жолдауды өтінемін, – деді ол.
Ол сондай-ақ Дидардың кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар екенін алға тартты.