$ 510.19  582.79  6.46

«Дархан Сатыбалдының ұзынсонар кортежі»: Алматы әкімдігі көптің ашуын тудырған видеоға қатысты түсінік берді (ВИДЕО)

Видео желідегілердің ашуын туғызған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әлеуметтік желіде Алматы тауларында полицейлердің сүйемелдеуімен бірнеше көліктің жүріп өткені түсірілген видео жарияланды. Жазбада көліктің ішінде жаңа әкім Дархан Сатыбалды болғаны айтылған. Алматы әкімдігі бейнежазбаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео желідегілердің ашуын туғызған. Алайда әкімдік өкілдері бұл көліктің ішінде Дархан Сатыбалдының  болмағанын алға тартты.

"Әлеуметтік желілерде тараған, таулы аймақ жолдарымен қозғалған кортеж көліктерінің бірінде Алматы қаласының әкімі болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз. Сонымен қатар, Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарларымен жүрген кезде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайтынын еске саламыз", – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 17
Күлкілі 7
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары