$ 512.1  583.64  6.5

Сотталушының адвокаты: «Қаржаубай эмоцияға берілмегенде, бұл қайғылы жағдай болмайтын еді»

Оның айтуынша, қайғылы жағдайға эмоция мен заңсыз сатылып жатқан ішімдік себеп болған.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Сотталушы Шыңғыс Белғожаевтың қорғаушысы істі қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, қайғылы жағдайға эмоция мен заңсыз сатылып жатқан ішімдік себеп болған.

“Егер сол сәтте эмоцияға ерік берілмей, сабыр сақтағанда, бұл трагедия болмас еді. Қылмыстың алдын алуға болар еді. Бірақ Қаржаубайдың оқиғаның алдын алуға тырысқанын растайтын айғақтар тергеу барысында анықталмады. Егер сол сәтте мылтық әкелінбесе, Шерзат төбелесті қайта бастамаса, агрессия танытпаса, жағдай мүлде басқаша өрбуі мүмкін еді, Кез келген қылмыстың алдын алуға болады. Ол үшін әрбір адам эмоцияға, ашуға берілмей, сабырлық танытса жеткілікті. Құрметті сот, мен қылмыстың орын алуына себеп болған факторларға назар аударуыңызды және тергеу органдары әрекеттеріне баға беруіңізді сұраймын. Сонымен қатар, іс материалдарында мылтықтан оқ атқан адамның кім екені анықталмаған деп көрсетілген. Алайда сот тергеуі барысында оның Ғайыпбаев екені белгілі болды” — деді ол.

Қаржаубайдың айтуынша, Белғожаевқа тағылған айып тек жәбірленушілердің дәлелсіз мәлімдемелеріне сүйеніп шығарылған.

“Бұл іс бойынша Шыңғыс Белғожаевқа жәбірленушіге қауіп төндірген арнайы пышақ қолданды деген айып тағылған. Алайда, бұл айып өз дәлелін таппады. Сондықтан сотталушының әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі бойынша қайта қаралуы қажет деп есептеймін” - деді адвокат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шерзат Полат