Адам бірдеңе саларда сәл ойланса қайтеді.
Атышулы "Қалаулым" бағдарламасының қатысушысы Ақтөре Батырбек желіде қауіпті трюк жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол желіде от жағу арқылы қауіпті видео түсіріп, жеке парақшасына жүктеді. Желі жұлдызы жағармайды айналасына құйып от жаққан.
“Атың шықпаса жер өрте. Айтылып жатқан сөздің мағынасы бар екенін ұмытпайық, иә”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары бұл әрекетіне наразылықтарын білдіріп, айыппұл төлеу керегін жарыса жазып жатыр.
“Мынаны балалар қайталаса қайтесің?”, “Есі дұрыс адамның тірлігін жасашы”, “Жақсы дүние көрсетіп жатсың, балалар қайталап жанып кетсе не істейсің? Адам бірдеңе саларда сәл ойланса қайтеді”, “Үстіне су құйып алған”, “Жасы 40-тан асқан адамның істеп жүрген тірлігі”, – деп жазды көпшілік.