Мен үйдің жалғыз ұлымын. Қолымда ешқандай суық қару болған жоқ.
Бүгін өткен сот отырысында айыпталушы Равиль Сәкиев соңғы сөзін сөйледі. Ол өзіне тағылған айыппен келіспейтінін ашық айтып, Прокурордың сұраған жазасының ауырлығына наразылығын білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Мен үйдің жалғыз ұлымын. Қолымда ешқандай суық қару болған жоқ. Пышақ ұстаған жоқпын. Түрмеде отырғаныма сегіз ай болды. Ал адамды қатігездікпен өлтіргендерге 13 жыл береді. Прокурор, менің екі рет тепкенім үшін 20 жыл сұрап отырғаныңыз әділдік пе?” - деді, ол сот залында.
Сәкиевтің айтуынша, ол қақтығыс болып жатқан жерге кездейсоқ барған. Құрбандармен бұрын таныс болмағанын да алға тартты.
“Мен Дарханды да, Нұрболды да танымаймын. Не болып жатқанын да білмедім. Сол жерге кездейсоқ тап болдым. Бар шындығымды айтып, мойындап тұрмын” - деді ол.
Айыпталушы өзіне тағылған ауыр айыптар тек құқықтық емес, моральдық тұрғыдан да зардап әкелгенін жеткізді.
“Анам: “Қарабет болдым” дейді. Әлеуметтік желіде мені “шакал” деп сөкті. Бірақ бұл сөздерді айтпас бұрын, не болғанын біліп алып айтыңыздар”