«Гүлстан біздің көз жасымызға қалды».
Ақнәр Гүлстанның жұмбақ жағдайда көз жұмуы қоғамда түрлі сұрақ туғызып жатқан тұста, оның анасы - Гүлстан Хамит жайлы ауыр айыптаулар жария етілді. Қытайда анасымен бірге жұмыс істеген қазақ әйел үндеу жасады. Автор өз аты-жөнін жасыруды сұрағанымен, материалдағы әрбір сөзге жауап беретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Гүлстан біздің көз жасымызға қалды».
Автордың айтуынша, Гүлстан Хамит 2014 жылы басшылық қызмет атқарған. Сол жылы екеуіне де (автор мен Ақнәрдің анасына) “эмоционалды тұрақсыз тұлғалық бұзылыс” диагнозы қойылып, оларды мерзімінен бұрын зейнетке шығарған. Бұл дерт, ана жағынан тұқым қуалайды.
«Менің ойымша, Ақнәр де осы ішкі күйзелісті бастан кешті», – дейді Қытай қазағы.
Ол сөзін жалғастырып:
"Менің күйеуім Құрмет сол мекемеде қатардағы қызметкер еді. Бірде ол жұмысқа ішімдік ішкен күйінде келді. Бұл бір реттік жағдай болатын. Бірақ Гүлстан оның алты айлық жалақысын бермей қойды", – дейді.
Оның айтуынша, отбасылық қиындықтарға байланысты Гүлстанның үйіне барып, кешірім сұрап, қой сыйға тартқан.
«Тізерлеп тұрып жыладым, – деп еске алады әйел. – Ол болса мені аяқпен теуіп, “Шұғыла, жоғал үйімнен!” деді. Жанымды жегені - жоқшылық емес, тапталған ар мен ашық қорлық», - дейді үндеу авторы.
«Жұмысшылардың өлімі кездейсоқ емес».
Қытай қазағының жазуынша, мекемеде тағы бір қызметкер - Жарқын - да жалақыдан айырылып, күйзелістен көз жұмған. Көп ұзамай оның күйеуі мен тағы екі әріптесі – Дамыл мен Қалбият та қайтыс болған.
«Бұл - жай сәйкестік емес. Бұл – қатыгездік пен жазасыздықтың салдары», – дейді әйел.
Автордың сөзіне қарағанда, Қытайдағы қазақтар өз құқықтарын қорғай алмайтын, әсіресе басшылықтағы адамдарға қарсы сөз айту мүмкін болмаған.
«VIP-клиенттерге қызмет көрсеттік, ал Ақнәр бәрін көріп өсті».
Куәгер Гүлстан Хамит VIP-клиенттерге арналған мекеме ашып, бұрынғы қызметкерлерін сол жерге «жұмысқа шақырғанын» жазды. Бірақ ол жерде адал еңбек емес, «қонақтарды көңілдендіру», ішімдік ішу, түрлі қысым көрсету орын алған.
"Ол 18-20 жастағы қыздарға ішімдік ішкізді. Ақнәр осының бәрін көзімен көріп өсті. Мұндай ортада өскен баланың жан дүниесі қалай жараланбасын?!" – дейді ол.
«Ол отбасын да тастады».
Хат иесінің айтуынша, Гүлстан алкогольге тәуелді болған. Ішімдік ішіп, көршісінің үйіне мас күйде келген, сол жерде бірнеше рет құсқан. Кейін күйеуін тастап, өзінен 15 жас кіші ер адаммен бірге тұруды таңдаған.
"Айкын – сабырлы, мейірімді адам еді. Ал Гүлстан өз қолымен бәрін қиратты. Тіпті оны 30 жасында зейнетке кетуге мәжбүрледі", – делінген хатта.
«Мен үнсіз қала алмаймын».
Үндеу жасаған әйел: «Енді Гүлстан ел алдына шығып, жаныма батыратын көз жасын төгіп, өзін кінәсіз етіп көрсеткісі келеді. Бірақ мен үнсіз қала алмаймын», – дейді.
Ол бұл мәлімдемені кек алу үшін емес, әділет орнауы үшін жазғанын атап өткен.
«Гүлстан, егер осыны оқып отырсаң - мен сенің ісіңмен айналысамын. Өмір – бумеранг», – дейді ол.