05.06.2025, 15:40

Нағыз ерлік: Атырауда ер адам өртеніп балкондағы өртті өзі сөндірді (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Ол өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап үлгерген. 

Атыраудағы Alma City тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің бірінің балконынан өрт шықты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға куәгерлері түсірген бейнежазбада белгісіз ер адамның еш ойланбастан бірнеше қабатты темір тіректермен жоғары өрмелеп, жалын шарпыған балконға жеткені көрінеді.

Ол өрт сөндірушілер келгенге дейін тілсіз жауды ауыздықтап үлгерген.

Абырой болғанда, ер адам еш жарақат алмаған. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.