$ 510.19  582.79  6.46

«Абзал, қой, Құдайдан қайтсын!»: Шерзат ісіндегі үкімнен кейін сотталушылар арасында төбелес басталды (ВИДЕО)

Сондай-ақ, сотталушылар отырған әйнек қабырғаның артында төбелес басталып кеткен сыңайлы.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот үкімі шыққаннан кейін залда шу шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған видеода сотталушылардың ата-аналары айғайлап, үкіммен келіспейтін айтып жатыр.

Сондай-ақ, сотталушылар отырған әйнек қабырғаның артында төбелес басталып кеткен сыңайлы. Қатты ұрылған жұдырықтың дауысы анық естіліп, қабырға жарылып кете жаздады.

Олар «Абзал, қой, Құдайдан қайтсын!», «Дидар, қой!»,- деп айғайлап жатыр.

Көпшілік сотталушылардың атын атап, оларды сабырға шақырып жатыр.

Айыпталушы тарап «Қаржаубай сотталсын» деп ұрандады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 10
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары