Көпшілік оның қылығын киіміне сай емес деп сынады.
Әлеуметтік желіде полицеймен бейәдеп сөзге келген хиджаптағы әйелдің видеосы таралып, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол ашуланып, түрлі балағат сөздер айтқан.
Көпшілік оның қылығын киіміне сай емес деп сынап: “Хиджапты қор қылма”, “Мұсылман әйелге тән әрекет емес” – деген пікірлер қалдыруда. Ал енді бір топ: “Мән-жайды білмей тұрып, сырттай сөкпеңіздер”, “Мүмкін, ол да әділетсіздікке тап болған шығар” – деп қорғап жатыр.