Видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көруге болады.
Танымал заңгер Мейірман Шекеев марқұм Шерзат Полаттың зиратына барып, құран бағыштап қайтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Видеодан Шерзаттың әкесі Қаржаубай, марқұмның анасы мен апасы көруге болады.
Соңғы парызым Шерзаттың басына барып, құран оқыту еді, - деді заңгер.
Заңгер Шерзаттың әкесін бастапқыда жанары сөнген, көзінде тек мұң еді, өмірге деген құлшынысы жоқ, үміті сөнген жан екенін айтты.
Бар айтқаны "аға Шерзаттың ісі сізге аманат" - деп, ауыр жүкті маған мойныма жүктей салып еді. Әуелі Алла, сосын елдің қолдауымен аманатын орындап, үмітін ақтап шықтық деп ойлаймын. Қаржаубайдың күлгенін көру - соның белгісі шығар. Аллаға сансыз шүкір еттім, — деді ол.