$ 510.19  582.79  6.46

Павлодарда араққа сылқия тойған екі ер адам пышақтасты (ВИДЕО)

Полицияның дерегінше, жанжал спирттік ішімдік ішкен ер адамдардың арасында туындаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Павлодарда екі ер адам ішімдік ішкеннен кейін төбелесіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Kabyltayev Telegram-арнасында жарияланған видеода Павлодар қаласындағы тұрғын үй ауласында ер адамдардың төбелесі бейнеленген. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Осипенко көшесінде орын алған.

Полицияның дерегінше, жанжал спирттік ішімдік ішкен ер адамдардың арасында туындаған. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қатысушылар табылып, ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары