$ 507.8  580.82  6.44

Астанада LRT қашан толық іске қосылады? – әкім жауабы қандай

Бұл аралықта жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысы жан-жақты тексеріледі

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің қашан пайдалануға берілетінін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның айтуынша, техникалық іске қосу жұмыстары 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Одан кейін регламентке сәйкес 3 айдан 6 айға дейін созылатын сынақ кезеңі өтеді.

Бұл аралықта жүйенің қауіпсіздігі мен тұрақты жұмысы жан-жақты тексеріледі. Егер сынақ сәтті аяқталса, 2026 жылдың көктемінде LRT толыққанды жолаушылар тасымалына шығады.

Жоба іске қосылған соң, елорданың қоғамдық көлік саласындағы жүктемесі едәуір жеңілдеп, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалады.

Әкімдік бұл бастаманы қаланың көлік инфрақұрылымын жаңғыртатын маңызды қадам ретінде қарастырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары