$ 511.92  588.91  6.44

Шымкентте психиатриялық аурухана қызметкерлері науқас әйелдерді зорлағаны үшін сотталды

Зардап шеккендердің бірі – кәмелетке толмаған қыз.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Түркістан облысында психикалық денсаулық мекемесінің бұрынғы екі қызметкеріне қатысты үкім шықты. Олар әйелдер бөлімінде жатқан екі науқасқа күш қолданды деп танылып, сот алдында жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдіктілер 2024 жылдың шілде айында №3 әйелдер бөлімінде жұмыс істеген. Түнгі мезгілде олар өздерін қорғай алмайтын науқастарға бірнеше мәрте жыныстық сипаттағы әрекет жасаған.

Зардап шеккендердің бірі – кәмелетке толмаған қыз. Медициналық сараптама оның өз әрекетін түсінуге қабілетсіз күйде болғанын растады.

Қылмыстық әрекеттер бөлім ішіндегі теледидар бөлмесінде және сыртқа шығатын баспалдақ алаңында жасалған.

Сот кінәлілердің әрекетін аса ауыр қылмыс деп бағалап, оларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары