$ 511.92  588.91  6.44

Біреуі көз жұмды: Бурабайда 4 адамды автокөлік қағып кетті

Аталған оқиға бойынша тергеу жүргізілуде, барлық мән-жайлар анықталуда.

Фото: Вика тур
Фото: Вика тур

Бурабай кентінде жаяу жүргіншілер қатысқан ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтер бойынша, LADA маркалы автокөліктің жүргізушісі «Айнакөл» қонақ үйінен айналма жолға қарай бағыт алып келе жатып, жолдың оң жақ шетімен бір бағытта қозғалып бара жатқан төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан: бір адам жансақтау бөлімінде көз жұмды, екеуі әртүрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, бір зардап шеккен адам жеңіл жарақат алған, ауруханаға жатқызуды қажет етпейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары