$ 498.34  519.72  4.85

Алматы облысында ірі жер дүмпуі болды

Бүгін таңғы сағат 3:43-те Алматы облысында 5,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Nur.kz.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметіне сүйенсек (EMSC), жер сілкінісі 16 тамыз күні Алматы қаласынан 40 км шығысқа қарай, Талғар қаласынан 25 шақырым қашықтықта жергілікті уақыт бойынша 03:42:30-да орын алған.

Бұған дейін дәл осындай қуатты жер асты дүмпуі 2011 жылы 1 мамырда болған еді. Ол жолы жер сілкінісінің қуаты 5,5 балға жеткен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары