$ 445.66  474.58  4.78

Павлодар облысындағы өрт 550 гектар аумақты шарпыды

Шарбақты ауданында 550 гектар аумақты шарпыған дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды BNews.kz.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ірі дала өрті ғарыш мониторингінің арқасында анықталды. Кәсіби өрт сөндірушілерге өртті сөндіруге еріктілер қатарынан жиырмадан астам жергілікті тұрғын көмектесті. Өрт туралы ақпарат түскен соң үш сағаттан кейін өрт толығымен сөндірілді. Оның жалпы аумағы 550 гектарды құрады.

«Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталуда», деп хабарлады ТЖД-нен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары