16.06.2025, 23:30

Бір сарбазға бірнешеуі жабылған: әскердегі кезекті әлімжеттік оқиғаның видеосы тарады

Фото: видеодан скрин

Оқиғаға қатысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі агенттік тілшісіне түсініктеме берді.

Қазақстан әскерінде болған әлімжеттік оқиғаның тағы біреуі желіде жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап. 

Оқиғаға қатысты Ұлттық ұланның баспасөз қызметі агенттік тілшісіне түсініктеме берді. Ведомство мәліметінше, жағдай екі жыл бұрын күз мезгілінде болған.

«Әлеуметтік желілерде 5518 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілері қатысқан 2023 жылдың күзіне тиесілі бейнематериал таралып жатыр. Аталған жағдай бойынша 2024 жылы қызметтік тергеу жүргізілгенін хабарлаймыз. Кінәлі тұлғалар қатаң әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын тек ресми әрі расталған ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», - делінген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.