$ 512.44  593.15  6.52

Бейнеуді қара қоңыз басты: халық үрейде отыр, ал билік үнсіз

Қара қоңыз – Tenebrionidae тұқымдасына жатады, адамға тікелей зиян келтірмейді.

Фото: тұрғындардан
Фото: тұрғындардан

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында қара қоңыздар қаптап, тұрғындар күнделікті өмірден түңіліп отыр. Халықтың айтуынша, жәндіктер далада ғана емес, үйлерге, тіпті су ішетін құдықтарға дейін кіріп кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбалардан тұрғындардың күнде аула тазалап, қоңыздармен күресіп жатқаны байқалады. Бірақ жәндіктер ертеңіне қайта пайда болып, тазалықтың еш пайдасы болмай қалғанын айтады.

Бейнеулік белсенді Айдана Ақпатша: “Балалар қорқып, далаға шықпай отыр. Қоңыздарды уласақ та, қайта шығады. Қайдан кіріп жатқаны түсініксіз. Екі айлық нәрестені шағып алған жағдай да бар. Адам мен қоңыз бірге өмір сүріп жатқандаймыз”, – дейді.

Тұрғындар мәселені шешуді сұрап жатқанда, жергілікті аумақтық инспекция бұл табиғи құбылыс екенін айтып, жауапкершілікті халықтың өзіне жүктеп отыр.

“Қара қоңыз – Tenebrionidae тұқымдасына жатады, адамға тікелей зиян келтірмейді. Алайда жаппай таралуы қолайсыздық тудырады. Заң бойынша әр азамат өз ауласын таза ұстап, зиянкестермен күресуі керек”, – деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Ал бейнеуліктер биліктен нақты әрекет күтуде. “Көшені түгел уласа, біз дайынбыз. Үйден шықпай отырамыз. Тек мына қаптаған қоңыздардан құтылсақ болды”, – дейді ашынған халық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары