$ 517.45  598.59  6.58

Қазақстандықтар да бар: Соғыс өрті өршіп тұрған Ираннан жүздеген адам эвакуацияланды

Эвакуация бес күн бойы Астара шекара бекетінде ұйымдастырылып келеді.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Иран мен Израиль арасындағы әскери қақтығыс салдарынан 17 елдің 600-ден астам азаматы Әзербайжан арқылы қауіпсіз аймаққа шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Эвакуация бес күн бойы Астара шекара бекетінде ұйымдастырылып келеді.

Адамдар бұл аймақтан гуманитарлық дәліз арқылы өткізілуде.

Қазірдің өзінде жүздеген шетел азаматы өз еліне оралды. Олардың қатарында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан азаматтары бар. Сондай-ақ Еуропа мемлекеттерінен – Германия, Италия, Испания, Сербия, Румыния мен Португалия тұрғындары да сұранысқа сәйкес эвакуацияланған.

Бұдан бөлек, АҚШ, Қытай, Вьетнам мен Біріккен Араб Әмірліктерінің кейбір азаматтары да елдеріне қайтарылған. Иран аумағында қалғандар да аз емес.

Шекара маңында жүздеген адам кезек күтіп тұр. Эвакуация жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары