18.06.2025, 08:30

Найзағай, бұршақ: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Сақтық шарасы ретінде ТЖМ мен синоптиктер азаматтарды ашық далада болмауға, саяхат пен алыс жолдан бас тартуға, өрт қауіпсіздігін сақтауға және ауа райын жіті бақылауға шақырады.

"Қазгидромет" РМК 18 маусымда еліміздің 14 облысында найзағай, бұршақ, дауыл, қатты ыстық және жоғары өрт қаупіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қарағанды облысында түнде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Кей өңірлерінде 35–38°C аптап ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары.

Атырау облысында күндіз найзағай мен күшті жел соғады (15–20 м/с), бірнеше аймақта өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында орталық пен шығыс бөліктерінде найзағай болады, жел екпіні 20 м/с дейін жетуі мүмкін. Бірнеше ауданында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысында найзағай, шаңды дауыл және 40–46°C аптап ыстық болжанған. Өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысында күндіз бұршақ пен найзағай, ал Көкшетауда 36°C ыстық күтіледі. Жел екпіні 20 м/с дейін күшейеді.

Абай облысында найзағай, бұршақ және 37°C аптап ыстық күтілуде. Бірқатар ауданда төтенше өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ пен қатты жел болжанған. Көптеген аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында 40–44°C аптап ыстық және күшті жел күтіледі. Шымкент пен Түркістан қалаларында да өте қатты ыстық болады.

Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен тұман болады. Жел 20 м/с дейін күшейеді. Өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысында күндіз 35–39°C ыстық пен найзағай күтіледі. Бірнеше ауданында өрт қаупі өте жоғары.

Батыс Қазақстан облысында найзағай, бұршақ пен тұман күтіледі. Жел екпіні 18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында найзағай мен жел болжануда, ал кей өңірлерінде өрт қаупі төтенше деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, бұршақ, найзағай мен тұман күтіледі. Петропавлда жел 20 м/с дейін күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында таулы аудандарда найзағай, облыс бойынша 41°C аптап ыстық болжанған. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Сақтық шарасы ретінде ТЖМ мен синоптиктер азаматтарды ашық далада болмауға, саяхат пен алыс жолдан бас тартуға, өрт қауіпсіздігін сақтауға және ауа райын жіті бақылауға шақырады.