Ол өзінің «замәкім» болып жүргенде жабысқан бойдақ келіншектерінің қылығын да ашық жазды.
Өткір пікірлерімен танылған қоғам белсендісі Тортуыл (Нұржан) Шоқан арсыз ісімен аты шыққан Маңғыстау облысының әкімін ақшамен ақтау процесі жүріп жатқанын меңзеді. Ол жас қызды пайдаланып тастап кеткен облыс әкімін қатал сынға алып, тоқал алу Назарбаев дәуірінде модаға айналғанын еске салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Нұрдәулет Қилыбайды ақтау қаншадан болып жатыр? Менің «ол» жазбамның астына «брат к.т аңдымаңшиш, ірі болшиш» деген пікірлер бар екен, соған жауап берейін. Өзі «ізденіп» келген қыз келіншекті оңай олжа көріп, астына басқан шенеуік — ақымақ. Неге шенеуік?
Өйткені оның қолында билік, қалтасында ақша бар. Жұмысы жоқ, ақша шашпайтын маған келіншектер келіп «сізге ғашықпын, сізден бала тапқым келеді» демейді ғой», — деп жазды қоғам белсендісі.
Оның сөзінше, қоғамда бар бұл моральдық дерт — сонау экс-президент, қазірде зейнеткер Назарбаевтан басталған.
«Қатынды нәскише ауыстырған ол, тастаған қатындарына ел байлығын үлестірді. «Тоқал алмасаң, демек, менің бұл ісімді жиналып осуждать етерсіңдер?» деген ишарада қарауындағы әкім-қара, министр, тағы басқалардың бәрін азғырды. Менің қойныма жатпай қойдың деп бөлімі басшысы — келіншекті жұмыстан статьямен шығарған шенеуік болған. Мұны көрген қалған қыз-келіншектер, жұмысында қысым көрмес үшін, әлгіге «беріп құтылуға» чредке тұрды.
Көп шенеуіктің креслосына жабысып алатын себебі, елге көмектесу емес, сол елдің қызын тегін с…
Жұмыстан шығып қалса оған ешкімнің де бесплатно бермейтінін біледі», — деп жазды Тортуыл Шоқан.
Ол өзінің «замәкім» болып жүргенде жабысқан бойдақ келіншектерінің қылығын да ашық жазды.
«Кейін жұмыстан шығып кеткесін әдейі «маған ғашықпын деп едіңіз, енді кезігейік» дегенімде, ол: «теперь смысла нет встречаться» деген. Жігіттік қай жерде тоқтайды?! Жігіттік, жауапкершілікті алудан қашқан жерден тоқтайды! Бала туғыздың ба, тегіңді бер, жағдайын жаса!
«Тик-Ток» пен «Инста» да к…н көрсетіп бұраңдағандар сұлулар сілекейі шұбырған кедейдің есебінен парақшасын айналдырып отыр, оған к.. н ұстатайын деп отырған жоқ. Осындай иттіктер кесірінен қанша жанұя шаңырағы құласа, сол жанұядан шыққан жастар бұзылып жатыр», — деп ашынды ол.
Оның ойынша, милфаларды қанағаттындырған бозбаламен пайданы көздеп — бай шалдарды айналдырған, өз қатарын керек қылмайтын қыз көп қазір.
«Білген адамға бұл қоғамның дерті. Жеңіл қарайтын нәрсе емес. Азаматтық қоғам қалыптасуы үшін — ортақ мораль керек. Ал мораль қалыптасуы үшін — тәрбие дұрыс болуы тиіс. Адамның бойында туа жоқ жақсы қасиетті билік сырттан, заң нормалары арқылы телігені дұрыс!», — деп жазды қоғам белсендісі.