Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, рейстердің жаңа кестесіне мұқият болуға кеңес беріледі.
2025 жылдың 1 қыркүйегі мен 31 қазаны аралығында Астана халықаралық әуежайында ұшу-қону жолағы жөндеуден өтеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыған байланысты күн сайын сағат 10:00 мен 18:00 аралығында әуежай қызметі толық тоқтатылады. Бұл уақытта барлық рейстер орындалмайды. Әуе қатынасына әсер ететін тағы бір өзгеріс — Wizz Air Abu Dhabi компаниясының шешімі. Геосаяси ахуалға байланысты әуе тасымалдаушы Астана мен Әбу-Даби арасындағы рейстерді уақытша тоқтатты.
Жолаушыларға сапарларын алдын ала жоспарлап, рейстердің жаңа кестесіне мұқият болуға кеңес беріледі.