$ 521.57  601.01  6.65

Ақмола облысында фабрика жұмысшылары хлордан уланып қалған

Полиция мәліметінше, уланудың басты себебі – жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы.

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Ақмола облысындағы «Макинск құс фабрикасында» өндіріс цехтарын жуу кезінде алты қызметкер хлор буынан уланып, медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдем қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдеріжеткен. Қазіргі таңда зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізіліп, тексеруден өтуде.

Полиция мәліметінше, уланудың басты себебі – жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының сақталмауы.

«Макинск құс фабрикасының 24 жастағы жұмысшысы цехты хлормен жуу кезінде респираторлық маскасын өз еркімен шешіп тастаған. Кейін ол улану белгілерімен ауруханаға түсті. Қазіргі уақытта фабриканың алты қызметкері осындай белгілермен емдеу мекемесіне жеткізілді», – делінген департаменттің хабарламасында.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 156-бабы 1-бөлігі («Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғалды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары