23.06.2025, 11:20

Рейстер кешігеді: SCAT ұшағы құстармен соқтығысты

Фото: Pixabay

Бұдан басқа, SCAT Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Астана-Доха рейсі тоқтатылғанын хабарлады.

SCAT әуе компаниясы 23 маусымда рейстердің кешігуі мүмкін екенін ескертті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Басты себеп – ұшақтың құстармен соқтығысуы.

Жағдайды реттеу үшін резервтік ұшақтар жіберілді, бірақ кейбір бағыттар бойынша рейстер кешігуі мүмкін:

Алматы – Шарм-эль-Шейх; Алматы – Анталия; Анталия – Алматы.

Бұдан басқа, SCAT Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Астана-Доха рейсі тоқтатылғанын хабарлады. Осыған дейін отандық компаниялар тобы 23 маусымда бірнеше рейсті тоқтататты.

Атап айтқанда:

КС191/192/Атырау-Дубай-Атырау; КС205/206/Астана-Дубай-Астана; КС897/898/Алматы-Дубай-Алматы; КС655/656/Астана-Доха-Астана.
Тегтер: ұшақ құстар