$ 519.26  602.13  6.62

«Бала ұйықтап жатқан»: Қостанайда мас ер адам сүйіктісінің ұлын қатыгездікпен өлтірді

Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанайда елді есеңгіреткен қайғылы оқиға бойынша сот процесі аяқталды. Бұрын сотты болған 43 жастағы қала тұрғыны азаматтық некедегі әйелдің 17 жастағы ұлын ұйықтап жатқан кезде қатыгездікпен өлтіріп, 20 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қылмыс 2025 жылғы 9 қаңтарда болған. Тергеу материалдарына сүйенсек, ер адам сүйіктісімен жанжалдасып қалғаннан кейін, кек алу мақсатында оның жасөспірім ұлына шабуыл жасаған. Кешкі уақытта бөлмесінде ұйықтап жатқан баланы тұрмыстық заттармен ұрып, кейін тұншықтырып өлтірген. Жәбірленуші оқиға орнында жан тапсырған.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мәліметінше, әйел ұлын қорғауға тырысқанымен, сотталушы оның да бетінен және басынан ұрып, жеңіл жарақат салған.

Сот барысында айыпталушының жасаған ісіне өкініп, ауруын ескерткен өтініші назарға алынды. Алайда алкогольдік мас күйде қылмыс жасауы және бұрын да сотты болғаны — ауырлататын мән-жайлар ретінде бағаланды.

“Істі жан-жақты қарастырып, барлық дәлелдерді зерделеген соң, сот сотталушыны 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оның алғашқы 5 жылын қылмыстық-атқару жүйесінің толық қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады” — деді соттың баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, сот шешімімен ер адам мәжбүрлі түрде алкоголизмнен ем қабылдайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары