24.06.2025, 11:40

Астана күніне орай қатарынан үш күн демалыс берілетін болды

Фото: z-taraz.kz

Бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде қатарынан үш күн демалады.

Қазақстандықтар 6 шілде – Астана күніне орай қатарынан үш күн демалады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Елімізде жыл сайын 6 шілде – Астана күні аталып өтеді. Биыл мемлекеттік мереке жексенбі күнге түсіп тұр. Ал қолданыстағы заңнама бойынша егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке демалыс күніне (сенбі, жексенбі) келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осыған байланысты демалыс күні 6 шілде, жексенбіден 7 шілде, дүйсенбіге ауыстырылды.

Осылайша аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 5, 6, 7 шілде қатарынан үш күн демалады.

Ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтындар 6, 7 шілдеде демалады.