Турнир ұйымдастырушылары Бибісараға арнайы пост арнап, оның шпагаттағы фотосын жариялаған.
Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, шахматшы Бибісара Асаубаеваның фристайл-шахмат турниріне қатысатыны туралы хабарландыруда жарияланған фотосуреті дау туғызды, деп хабарлайды
Қазақстандық шахматшы – Grand Slam сериясындағы фристайл-шахмат турниріне қатысатын жалғыз қыз.
Бұл турнирде Магнус Карлсен, Ханс Ниманн және басқа да әлемнің үздік шахматшылары бақ сынайды. Турнир ұйымдастырушылары Бибісараға арнайы пост арнап, оның шпагаттағы фотосын жариялаған.
Бұл желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Желі қолданушыларының кейбір пікірлері:
"Мына суреттің таңдалуын түсінбеймін… Ол тамаша шахматшы, шахмат ойнап отырған көптеген лайықты суреттері бар еді ғой — неге дәл мынау?”; “Бұл – анық сексизм”; “Турнир ұйымдастырушылары жалақы мен жарнаманы бақылайды. Олар бәрін біледі және дәл осы сексистік фотоны жариялады”; “Ер шахматшыларға дәл осындай фотосуретті ешқашан қоймас едіңіздер”; “БҰЛ ТУРНИРДЕГІ ЖАЛҒЫЗ ҚЫЗДЫ осылай таныстыру — өте оғаш шешім”, - деп жазды.
Желі қолданушылары ұйымдастырушылардың фотосурет таңдауына наразылық білдіруде.