$ 518.5  601.62  6.61

Алматыда құбыр жарылды: Көшені су басып, көліктер ағып кетті

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері сынақтар алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматыда жоспарлы гидравликалық сынақтар кезінде магистралды құбыр жарылып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 23 маусым күні кешке Қазыбаев көшесінде болған. «Алматылық жылу желілері» ЖШС-нің мәліметінше, апат диаметрі 1000 мм болатын құбырдағы коррозия салдарынан орын алған: «Зақымдану жедел түрде оқшауланды, ешкім зардап шеккен жоқ. Мұндай жұмыстар кезінде сақтық шараларына қарамастан, төтенше жағдайлар болуы мүмкін».

Коммуналдық кәсіпорын өкілдері сынақтар алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында жүргізіліп жатқанын атап өтті. Олардың екінші кезеңі 27 маусымға дейін жалғасады. Мұндай жағдайларда тұрғындарға өз бетінше әрекет етпей, келесі нөмірлерге хабарласу ұсынылады: 378-06-48 (ішкі 1014), 378-06-62 (ішкі 1013).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары