25.06.2025, 14:00

Халық 71 млрд теңге артық төлем жасаған: Елде 5 микроқаржы ұйымы жабылды

Фото: Қаржы мониторингі агенттігі

Бүгінде халықтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.

Қазақстанда заңсыз қызмет көрсеткен бес микрокаржы ұйымының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, бұл ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен 300 мыңнан астам азамат зардап шеккен. Тергеу нәтижесінде микрокаржы ұйымдары азаматтарға заңды несиелеу түрінде күштеп қосымша төлемдер, комиссиялар және сақтандыру шарттарын жүктегені белгілі болды. Мұндай тәсіл арқылы олар сыйақы мөлшерлемесіне қойылған шектеулерді айналып өткен.

«Мұндай ұйымдар азаматтардың қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, заңды айналып өтудің түрлі тетіктерін қолданған. Бұл – қарапайым халықтың қалтасына салмақ түсіріп қана қоймай, қаржы нарығындағы сенімділікке сызат түсіреді», – делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Қаржылық мониторинг агенттігі заңды микрокаржы ұйымдарының “тексерусіз” және “бәріне бірдей” несие бермейтінін ескертті. Ведомствоның мәліметінше, ресми тіркелген МҚҰ клиенттің төлем қабілетін мұқият зерттеп барып, шарт жасайды. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды несие рәсімдемес бұрын ұйымның заңдылығына көз жеткізіп, шарттарды мұқият оқуға шақырады. Бүгінде халықтың қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.